Футболдан бірінші лигада «Елімай» алғашқы жеңісіне қол жеткізді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігінің екінші туры аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турда Семейдің «Елімай» командасы өз алаңында Астананың «Астана-2» клубын 6:0 есебімен тізе бүктірді. Олар алғашқы турда Оралда жергілікті «Ақжайықпен» 1:1 есебімен тең түскен еді.

Осылайша алғашқы екі турда төрт ұпай еншілеген семейліктер турнир кестесінде екінші орынға жайғасты. Бірінші орында екі ойында да жеңіске жеткен «Ақтөбе-2» командасы келеді. Ақтөбелік клуб екінші турда Алматының «Жас Қыранын» 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Екінші турдағы ойын нәтижелері төмендегіше:

«Жеңіс» (Астана) - «Арыс» (Түркістан облысы) 0:1

«Хан тәңірі» (Алматы) - «Қайрат-Жастар» (Алматы) 1:1

«Қыран» (Шымкент) - «Академия Оңтүстік» (Шымкент) 2:1

«Елімай» (Семей) - «Астана-2» 6:0

«Turkistan» (Түркістан) - «Тараз» 0:5

«Екібастұз» (Павлодар облысы) - «Ақжайык» (Орал) 1:3

«Ақтөбе-2» - «Жас Қыран» (Алматы) 2:1

Енді үшінші тур ойындары 21, 22, 23 сәуір күндері өткізіледі.


Соңғы жаңалықтар