Футболдан Англия чемпионатына 70 жастан асқандарға баруға тыйым салынбақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Футболдан Англия премьер-лигасы чемпионатының басшылығы жаңа коронавирустың таралуымен күрес әдістерінің бірі ретінде 70 жастан асқан егде адамдарға лига матчына стадионға кіргізуге тыйым салу туралы мәселені қарастыруда. Бұл туралы ҚазАқпарат британдық Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Олар егде жандар жаңа коронавирус жұқтыруға тез бейім болып келеді деп санайды. Егер тыйым салатын болса, онда бірінші кезекте «Кристал Пэлас» командасы, оның 72 жастағы бас бапкері Рой Ходжсон зардап шегуі мүмкін.

Бұған дейін ағылшын премьер-лигасының (АПЛ) басшылығы коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында командалар ойыншыларына матч алдында қол алысуға тыйым салды.

Ұлыбританияда 163 адамнан коронавирус табылған. Қазіргі уақытта біреуі вирустан көз жұмғанын ресми түрде расталды.



Соңғы жаңалықтар