Футболдан Әлем чемпионатына қанша қазақстандық барғаны белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде өткен футболдан Әлем чемпионатының ойындарын тамашалауға Қазақстаннан 10 мыңнан астам жанкүйер барған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қазақстан Республикасының Ресейдегі Елшілігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Ресейдің 11 қаласында футболдан Әлем чемпионатының матчтары өтті. Осы кезең барысында жанкүйер паспортын ресми алған 10 мыңнан астам қазақстандық келді», - делінген хабарламада.

Еске салайық, Ресей алғаш рет футболдан Әлем чемпионатын өткізді. Ойындар 14 маусым-15 шілде аралығында Мәскеу, Калининград, Санкт-Петербург, Волгоград, Қазан, Төменгі Новгород, Самара, Саранск, Дондағы Ростов, Екатеринбург және Сочи қалаларында болды.

Соңғы жаңалықтар