Футболдан Әлем чемпионатына билеттер қанша тұрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Ресейде өтетін Әлем чемпионатын тамашалауға 4,5 мыңға жуық қазақстандық баруға асығып отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Топтық кезеңдегі ойындардың ең арзан билеті 70 доллар тұрады, ал ең қымбаты финалдық ойынға болады  - 250 доллар шамасында.

Бүгін белгілі болғандай, миллионға жуық адам 2018 жылғы Әлем чемпионатының жанкүйерлік төлқұжатын сатып алып үлгерген.

Футболдан әлем чемпионаты 14 маусымнан 11 шілдеге дейін Ресейдің 11 қаласында өтеді. Ашылу салтанаты, алғашқы ойын, финал және 12 кездесу Мәскеуде болады.

 

Соңғы жаңалықтар