Футболдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Финляндиямен кездеседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 12 қазанда футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы кезекті ойынын елордада Финляндияға қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойын елорда уақытымен 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетсек, бұған дейін екі құрама бір мәрте шеберлік байқасты. Биыл әлем чемпионаты іріктеу сатысындағы алғашқы ойында қазақстандық футболшылар аталған қарсыласына 0:1 есебімен есе жіберді.

Финляндия бұған дейін әлем чемпионаты финалдық сатысында бақ сынап көрген емес. Ал 2020 жылғы Еуропа чемпионатында В тобында Бельгия, Дания және Ресеймен шеберлік байқасып, үшінші орын алды.

Айта кетейік, қазақстандық құрама іріктеу сатысында D тобында сынға түседі. Қарсыластары - Франция, Украина, Босния және Герцоговина, Финляндия.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан елордада Босния және Герцоговинаға 0:2 есебімен есе жіберді.

Қазақстан құрамасы бұған дейін алты ойын өткізді. Үшеуінде тең нәтиже тіркеліп, үшеуінде қарсыластарына есе жіберді.

Бұдан кейін қазақстандық футболшылар 13 қараша сырт алаңда Франциямен кездеседі.

Бұл топта алты ойыннан кейін 12 ұпай жинаған Франция көш басында келеді. Қазақстан төрт ойыннан кейін 3 ұпаймен бесінші орында тұр.


Соңғы жаңалықтар