Футболдан әлем чемпионаты: Франция Қазақстанға қарсы құрамын жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Франция құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу сатысындағы Қазақстанмен кездесуіне қатысатын ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл тізімде Англияның «Челси» клубының жартылай қорғаушысы Нголо Канте жоқ. Ол құраманың өз алаңындағы Украинамен кездесуінде жарақат алып қалған.

Тізімде есімі әлемге әйгілі футболшылардың барлығы қамтылған.

Атап айтқанда, олардың қатарында белгілі клубтардың намысын қорғайтын қақпашы Уго Льорис, жартылай қорғаушылар Поль Погба, Усман Дембеле, шабуылшылар Килиан Мбаппе, Оливье Жиру, Антуан Гризманн бар.

Франция құрамасының толық тізімі:

Қақпашылар: Майк Меньян («Лилль»), Уго Льорис («Тоттенхэм»), Стив Манданда («Марсель»), Альфонс Ареоля («Фулхэм»).

Қорғаушылар: Ферлан Менди («Реал»), Люка Динь («Эвертон»), Преснель Кимпембе (ПСЖ), Лео Дюбуа («Лион»), Клеман Лангле («Барселона»), Люка Эрнандес («Бавария»), Курт Зума («Челси»), Рафаэль Варан («Реал»), Бенжамен Павар («Бавария»).

Жартыай қорғаушылар: Поль Погба («Манчестер Юнайтед»), Усман Дембеле («Барселона»), Адриен Рабьо («Ювентус»), Мусса Сиссоко («Тоттенхэм»), Тома Лемар («Атлетико»), Танги Ндомбеле («Тоттенхэм»), Кингсли Коман («Бавария»).

Шабуылшылар: Килиан Мбаппе (ПСЖ), Антуан Гризманн («Барселона»), Оливье Жиру («Челси»), Антони Марсьяль («Манчестер Юнайтед»), Виссам Бен-Йеддер («Монако»).

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан аталған доп додасының іріктеу сатысында D тобында сынға түседі.

Қарсыластары - Франция, Украина, Босния және Герцоговина, Финляндия құрамалары.

Қазақстандық футболшылар алғашқы турда ешкіммен кездескен жоқ. Өз алаңында Франция Украинамен 1:1, Финляндия Босния және Герцоговинамен 2:2 есебімен тең ойнады.

Енді 28 наурызда Қазақстан мен Франция кездессе, сол күні Украина Финляндиямен шеберлік байқасады.

Еуропа құрлығында 55 құрама 11 топқа бөлінген. Әрбір топта алғашқы екі орынға ие болған құрамалар әлем чемпионатының финалдық сатысына тікелей жолдама алады.

Іріктеу кезеңі биылғы жылдың 16 қарашасында мәреге жетеді.

Дүбірлі доданың финалдық сатысы 2022 жылдың 21 қарашасы мен 18 желтоқсаны аралығында Катарда өтеді.


Соңғы жаңалықтар