Футболдан Әлем чемпионаты: Аргентина-Исландия тең ойнады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионатының D тобында жанкүйерлер асыға тосқан матчтардың бірі болды. Лионель Месси бастаған Аргентина және алғаш рет мундиальға қатысқалы отырған Исландия құрамалары шеберлік сынасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат  «SPORTINFORM» САА сілтеме жасап.

Бірінші голды Аргентинаның шабуылшысы Серхио Агуэро соқты - 1:0. Исландиялықтар бұған еш абыржымай, 4 минуттан соң-ақ Вилли Кабальеро қорғаған қақпаға доп салды, есеп - 1:1.

60 минут аяқталуға жақын қалғанда аргентиналықтар алға шығуға тағы бір мүмкіндік алды. Меса пенальти алды, ал Месси оны жүзеге асыра алмады. Исландиялықтардың голкипері бұл жерде өз шеберлігін көрсетті. 77-минутта аргентиналықтар екінші пенальти алуы керек тиіс еді, бірақ арбитр ереже бұзушылығын байқамады. Ал Хорхе Сампаолидің командасы неліктен екені белгісіз, ереже бұзылған сәттің қайталап көрсетілуін талап етпеді. Кейінірек Месси бірнеше қауіпті соққы жасады. Бірақ исландиялықтар оған қарсы тұра білді. Сөйтіп, фаворитке қарсы ойынды өздері үшін жақсы нәтижемен аяқтады.

 

Соңғы жаңалықтар