Футболдан әлем чемпионаты-2022: Франция іріктеу кезеңін тең ойынмен бастады

None
None
НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - 24 наурызда 2022 жылғы әлем чемпионатына Еуропа құрлығы бойынша іріктеу сатысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан құрамасы сынға түсетін D тобында екі кездесу өтті. Өз алаңында Франция Украинаны қабылдаса, Финляндия Босния және Герцоговинамен күш сынасты .

Жанкүйерлер назары негізінен Франция мен Украина құрамалары арасындағы ойынға ауғаны айдан анық. Әлемнің көптеген жұлдыздары жиналған француздар өз тобында украиндықтарды басты қарсыласы санайтынын айтып өтті. Сондықтан негізгі құрамда тәжірибелі футболшыларды жасыл алаңға шығарды.

Есепті алғаш болып алаң иелері ашты. Француз шабуылшысы Антуан Гризманн 19-минутта мергендігімен көзге түсті. Ал 57-минутта франциялық қорғаушы Преснел Кимпембе өз қақпасына гол соғып алды. Осылайша кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

Аталған топтағы Финляндия Босния және Герцоговинамен 2:2 есебімен тең түсті.

Енді екінші тур ойындары 28 наурыз күні болады. Бұл күні өз алаңында Қазақстан Францияны қабылдаса, Украина Финляндиямен шеберлік байқасады
Соңғы жаңалықтар