Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 11 °С
Алматы: 22 °С
USD 345.68 EUR 404.45
RUB 5.48 CNY 50.91
Жаңалықтар

Футболдан ӘЧ жартылай финалына түркиялық қазылық етеді

2018 жылғы 11 шілде 19:55 448
Бөлісіңіз:
Футболдан ӘЧ жартылай финалына түркиялық қазылық етеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы Әлем чемпионатының Хорватия және Англия құрамалары арасындағы жартылай финалдық кездесуін түркиялық төреші Жүнейт Чакыр қазылық етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Жағажай футболынан Еуролига-2018: ҚР құрамасы өз тобында жеңіске жетті «Ертіс» ФК сапына екі футболшы келіп қосылды

41 жастағы төреші ерекше қаталдығымен танылған. Алдағы кездесу Чакырдың биылғы Әлем чемпионатындағы үшінші матчы болмақ. Бұған дейін топтық кезеңнің 1-турында В тобының өкілдері - Марокко және Иран құрамалары арасындағы кездесуді басқарған. Парсылар 0:1 есебімен жеңген сол ойында Чакыр ойыншыларға 4 сары қағаз көрсеткен. Ал 3-турда D тобындағы Нигерия - Аргентина матчында (1:2) ойыншыларға 5 рет ескерту берген.

Еске сала кетейік, ойын Астана уақытымен 00:00-де болады. Оны тікелей эфирден Qazsport және Qazaqstan телеарналары көрсетеді.

 

 


Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Мұрағат