Футболдан ӘЧ: Ширек финалға сегізінші жолдама кімге бұйырады

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында бүгін 1/8 финалын Португалия және Швейцария құрамалары түйіндейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу елорда уақытымен 1.00-де басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ойын Лусаил қаласындағы 88966 жанкүйерге арналған «Лусаил Айконик» стадионында өткізіледі. Бас төреші - мексикалық Сесар Артуро Рамос. оған отандастары Альберто Морин Мендес пен Мигель Анхель Эрнандес Паредес көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші - Иштван Ковач.

Екі құрама өзінің тарихында 25 мәрте кездесті. Нәтижесінде 8-і Португалия, 11-і Швейцарияның жеңісімен аяқталса, қалғанында тең нәтиже тіркелді.

Топтық кезеңде Португалия H тобында ойын көрсетті. Гананы 3:2, Уругвайды 2:0 есебімен жеңіп, Оңтүстік Кореяға 1:2 есебімен жол берді.

Ал, Швейцария G тобында Камерунды 1:0, Сербияны 1:0 есебімен жеңіп, Бразилияға 0:1 есебімен есе жіберді.

Сондай-ақ, 6 желтоқсанда елорда уақытымен 21.00-де Марокко мен Испания кездесуі «Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналарынан көрсетіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын ширек финалға алтыншы жолдама Бразилияға бұйырды.

Сондай-ақ пенальти сериясында Жапонияны жеңген Хорватия ширек финалға шықты.

Фото: Getty Images


Соңғы жаңалықтар