Футболдан ӘЧ ойындары «Қазмедиа орталығы» экранынан көрсетіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан әлем чемпионатының ширек финал ойындары «Қазмедиа орталығының» LED-экраннан көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Уругвай мен Франция арасында матчты трансляциялау 6 шілде күні сағат 20:00-де басталады. Одан төрт сағаттан кейін Бразилия мен Бельгия арасындағы ойынды тамашалай алады. Ал 7 шілде күні сағат 20:00-де Англия мен Швеция ойнайды. 7-нен 8-іне қараған түнгі сағат 00:00-де «Қазмедиа орталығы» Хорватия мен Ресей құрама командалары арасындағы ойынды көрсетеді.

Көрсетілім өткізілетін орын: Астана, Қонаев к, 4. «Қазмедиа орталығының» батыс кіре берісі  (Нұржол бульвары жағы).

Шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.

Соңғы жаңалықтар