Футболдан ӘЧ: Қазақстандықтар Ресейде 1,5 млрд теңгелерін жұмсаған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Әлем чемпионаты аяқталысымен, эквайер банктер қызмет көрсету орындарындағы ақша айналымын, сондай-ақ шетелдік қонақтардың шығындарын есептеуге кірісті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Ведомости» басылымына сілтеме жасап.

Ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, Әлем чемпионатының матчтарын тамашалауға 570 мың шетелдік келген.

«ВТБ банкінен 14 маусымнан 15 шілдеге дейінгі аралықта ақша алған шетелдік карталардың ішінде АҚШ өкілдері көш бастайды (800 млн рубль), одан кейінгі орындарда Қытай (330 млн), Қазақстан (280 млн), Ұлыбритания (194 млн), Аргентина (164 млн), Франция (158 млн), Мексика (156 млн) тұр», - деп мәлімдеді ұйымдастыру комитетінен.

Айта кетейік, бүгінде ҚР Ұлттық банкінің бағамы бойынша 1 Ресей рублі 5,47 теңгеге тең.

Сбербанктің статистикасы бойынша, Ресейде ең көп ақша қалдырғандар арасында тағы да АҚШ тұрғындары көш бастайды - 5,6 млрд рубль. Одан кейінгі орындарда Қытай (4,1 млрд рубль), Мексика (2,2 млрд), Ұлыбритания (1,9 млрд) келеді. Аргентина, Германия және Бразилияның әрқайсысының үлесіне шамамен 1 млрд рубльден келеді.

Ал «Открытие» банкінің мәліметтері бойынша, 14 маусымнан 5 шілдеге дейін шетелдіктердің транзакциялары саны 3,6 есеге артқан.

Шетелдіктер Ресейде ең көп шығынды тамаққа жұмсаған. Сбербанктің мәліметінше, дәмханалар мен мейрамханаларға, сондай-ақ фастфудқа жұмсалған жалпы қаражат 6,2 млрд рубльді құраған. Одан кейінгі орындарда қонақүйлер (5 млрд) мен ұшақ билеттері (1,4 млрд) тұр. Бұдан тыс, спорт тауарлары мен кәдесыйлардың сатылымынан да қыруар қаржы түскен.

Соңғы жаңалықтар