Футболдан ӘЧ: Қазақстандықтар қай матчты көп тамашалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар Ресейде өткен Әлем чемпионатында ең көп қараған матч - Ресей мен Хорватия арасындағы кездесу болған. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында «Qazsport» телеарнасының директоры Павел Цыбулин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Футболдан әлем чемпионаты бұл барлық футболсүйер қауым үшін спорт әлеміндегі маңызды да, қуанышты оқиғалардың бірі. Өздеріңіз білетіндей, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары футбол ойындарының барлық 64 матчын толығымен тікелей эфирде көрсетті», - дейді Ерлан Қарин.

Телерадиокорпорация басшысының айтуына қарағанда, «Qazaqstan» телеарнасында ең көп қаралған матч - Ресей мен Мысыр командалары арасындағы ойын болған. Ол ойынның үлесі 47,7 пайыз, ал рейтингтік тұрғыда 6,97 пайызды құраған. Сондай-ақ, «Qazsport» телеарнасында көрсетілген Ресей мен Хорватия командаларының ойыны үздіктер қатарына кіріп, 44,3 пайыз үлесімен, рейтингте 7,32 пайыздық көрсеткішке жеткен. Ал қаралым жағынан ең төменгі рейтинг - «Швейцария - Коста-Рика» арасындағы матч болған.

Белгілі болып отырғандай, әрбір матчтың орташа аудиториясы шамамен жарты миллионға жуық көрерменді жинаған. Соның ішінде «LIVE» режімінде көрсетілім жағынан ең жоғарғы көрсеткішке Ресей-Хорватия ойыны ие болғаны белгілі болып отыр. «LIVE» режімінде ол ойынды 339 455 адам тамашалаған. Ал аталған режімде Ресей- Сауд Арабиясы ойынын бар-жоғы 16819 адам қараған болып шықты. Сонымен бірге, көрермендеріміз футболды «Qazaqstan TV» қосымшасынан көру мүмкіндігіне ие болғанын айта кету керек. Бүгінге дейін ол қосымша 263 511 рет жүктелген.

Ал «Qazsport» телеарнасының директоры Павел Цыбулиннің айтуынша, қазақстандықтар ең көп қараған матч - «Qazsport» телеарнасында болған Ресей - Хорватия арасындағы ойын болған. Оны 1 миллионнан астам тамашалаған.

Еске сала кетсек, футболдан Әлем чемпионатының финалында Франция мен Хорватия құрамалары кездесіп, Франция жеңіске жеткен болатын.

 

 

Соңғы жаңалықтар