Футболдан ӘЧ: Қазақстан мен Франция құрамалары кездесуіне төрешілер белгіленді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу сатысында елордада өтетін Қазақстан мен Франция құрамалары кездесуіне қазылық жасайтын төрешілер құрамы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ойында беларусьтік маман Алексей Кульбаков бас төреші ретінде қызмет атқарады. Оған сол елден келген Дмитрий Жук пен Олег Маслянко көмекші болады. Қосалқы төреші - Виктор Шимусик.

Естеріңізге сала кетелік, аталған кездесу елорда уақытымен 19.00-де басталады. Ойын Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Франция құрамасы Қазақстанға негізгі құрама ойыншыларын алып келді.

Айта кет е йік, қазақстандық құрама іріктеу сатысында D тобында сынға түседі. Қарсыластары - Франция, Украина, Босния және Герцоговина, Финляндия құрамалары.

Қазақстандық футболшылар алғашқы турда ешкіммен кездескен жоқ. Ал 24 наурызда Өз алаңында Франция Украинамен 1:1, Финляндия Босния және Герцоговинамен 2:2 есебімен тең ойнады.

Енді 28 наурызда Қазақстан мен Франция кездессе, сол күні Украина Финляндиямен шеберлік байқасады.


Соңғы жаңалықтар