Футболдан ӘЧ: Хорватия - Бразилия, Нидерланд - Аргентина 1/4 финалда ойнайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қатардың Әл-Райанд қаласында футболдан 2022-Әлем чемпионатының ширек финалы өтеді. Онда Хорватия мен Бразилия құрамалары кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хорватия - Бразилия матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 21:00-де басталады. Қазақстандықтар матчты «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан көре алады.

Бұдан бөлек, желтоқсанның 9-нан 10-ына қараған түні Лусаил қаласында Әлем чемпионатының ширек финалы өтіп, онда Нидерланд пен Аргентина кездеседі. Нидерланд — Аргентина Астана уақытымен 01:00-де басталады және «Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналары көрсетеді.

Фото: ПОЛИНА КУИМОВА, «ЧЕМПИОНАТ»


Соңғы жаңалықтар