Футболдан ӘЧ: Англия-Хорватия матчын қайдан көруге болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші финалисі анықталатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана уақыты бойынша сағат 00:00-де алаңға Англия мен Хорватия елдерінің футболшылары шығады. Аталмыш матчтың жеңімпазы Бельгия командасын 1:0 есебімен жеңіп шыққан Франция құрамасымен сайысқа түседі.

Еске сала кетейік, Бельгияны 1:0 есебімен ұтқан Франция Әлем чемпионатының финалына шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз. 

 

Фото: ru.fifa.com

Соңғы жаңалықтар