Футболдан ӘЧ-2022: Еуропада іріктеу кезеңінің жеребесі қашан тартылады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің жеребесі Еуропада биыл 29 қарашада тартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іріктеу кезеңінде барлығы 55 құрама бақ сынайды. Олар он топқа бөлінеді. Бес топта алты-алтыдан, бес топта бес-бестен құрамалар болады. Әрбір топтың жеңімпазы Катар елінде өтетін дүбірлі додаға тікелей жолдама алады.

Ал екінші орын алғандар қатарына 2020/21 жылдарда Ұлттар лигасында үздік шыққан екі құрама қосылып, әлем чемпионатына қосымша үш жолдаманы сарапқа салады.

Жеребе арқылы алдымен 12 құрама өз қарсыластарымен кездеседі. Одан кейін алтауы сол талап бойынша қосымша үш жолдаманы сарапқа салады.

Естеріңізге сала кетелік, әлем чемпионатында Еуропаға 13 жолдама бөлінген.

Жеребе тарту рәсімі өтетін қала мен уақыты әзірге белгісіз. Іріктеу кезеңі 2021 жылдың наурыз айында басталады. Ал әлем чемпионатының финалдық кезеңі 2022 жылдың 21 қараша және 18 желтоқсаны аралығында өткізіледі.


Соңғы жаңалықтар