Футболдан ӘЧ-2018 әнұранын кім орындайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол федерациясы Малума лақап атымен танылған колумбиялық әнші Хуан Ариасқа 2018 жылы Ресейде өтетін футболдан әлем чемпионатының әнұранын жазуды ұсынды.

Испанияның белгілі басылымы AS-тің хабарлауынша, 23 жастағы әнші келісімін берген. Басылымның жорамалына қарағанда, ол әнұранды Пуэорто-Рико әншісі Бэд Баннимен бірге орындауы мүмкін. Жоспарға сәйкес, әнұран желтоқсан айында тапсырылуы тиіс.

Малума - Латын Америкасының жарық жұлдызы. Оның El Perdedor әнінің бейнебаянын «Ютуб» видеохостингісінде миллиардтан астам адам қараған. Ал Шакирамен орындаған Chantaje атты дуэті 1,8 млрд-тан астам көрермен жинаған. 

Соңғы жаңалықтар