Футболдан 21-інші Әлем чемпионатының ресми ашылуы басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің «Лужники» стадионында футболдан 21-інші Әлем чемпионатының ресми ашылуы басталды. Танымал әнші Робби Уильямс пен ресейлік Аида Гарифуллина орындаған тамаша әнмен басталған салтанатты шараны «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирден таратуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бұған дейін хабарланғанымыздай, шараға FIFA президенті Джанни Инфантино, Ресей басшысы Владимир Путин, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен өзге де бірнеше мемлекеттің басшылары қатысатыны күтілуде.

Әлемдік кіл мықты командалардың кездесуі 14 маусым - 15 шілде аралығында Ресейдің 11 қаласында өтеді. Атап айтқанда, Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Сочи, Волгоград, Екатеринбург, Калининград, Нижний Новгород, Дондағы Ростов, Самара және Саранск. Чемпионатқа әлемнің 32 үздік ұлттық құрамалары қатысады.

Естеріңізге сала кетсек, Ресей өз тарихында тұңғыш рет Әлем чемпионатын ұйымдастыру мүмкіндігіне ие болды. Қазақстандықтар FIFA- 2018 ойындарының ашылу салтанатынан бөлек, чемпионаттың Ресей мен Сауд Арабиясы арасындағы (астана уақытымен 21.00) алғашқы матчын да «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей көре алады.

nullnullӘлемдік дода аясында өтетін 60-тан астам матчты «Qazaqstan» мен «Qazsport» арналары түгелдей тікелей эфирден көрсететін болады.

null Айта кетерлігі, футболдан Әлем чемпионатының 1/8 финалы 30 маусым күні, ал қазақстандықтар Астана күнін тойлап жататын 6 шілде күні - ширек финал басталады. Жартылай финал 10-шы және 11-ші шілде күндері, финал 15 шілде күні өтеді.

nullnull

Фото: ru.fifa.com

Соңғы жаңалықтар