Футболдан 2022 жылғы - ӘЧ: Катар тек коронавирустан вакцина алғандарды кіргізеді

None
None
ДОХА. ҚазАқпарат – 2022 жылы футболдан әлем чемпионаты өтетін Катар елінің үкіметі жанкүйерлерден коронавирусқа қарсы вакцина алуды талап етеді. Бұл туралы елдің премьер-министрі, шейх Халид бин Халифа бин Әбдел Әзиз Әл Тани мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат AP-ға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, мемлекет жарысты көруге келетіндер үшін COVID-19 вирусына қарсы вакцинаның 1 млн дозасын жеткізу туралы келіссөздер жүргізу үстінде.

«Катар вирусқа қарсы толық екпе салдыртпаған жанкүйерлерге стадиондарға кіруге рұқсат бермейді... Біздің негізгі мақсатымыз – азаматтар мен тұрғындардың денсаулығын қорғау», - деді шейх Халид.

Қазіргі кезде Катарда коронавирустан 585 адам қайтыс болған 585 220 800 адам індетке шалдыққан.

Әлем чемпионаты 2022 жылдың 21 қарашасында басталуы тиіс.


Соңғы жаңалықтар