+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 389.52 EUR 429.21
RUB 6.07 CNY 54.94
Jańalyqtar

Футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатына билет сату басталды

2019 жылғы 13 маусым 08:05
Бөлісіңіз:
Футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатына билет сату басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кеше, 12 маусым күні футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатының билеттері сатылымға шығарылды. Өтінімдер бір ай бойы қабылданып, билет иесі жеребе арқылы анықталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат УЕФА-ның ресми сайтында сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылар футбол жанкүйерлеріне 1,5 миллион билет сатуды жоспарлап отыр. 2019 жылғы 12 маусымнан 12 шілдеге дейінгі аралықта берілген өтінімдер бойынша жеребе салынып, жеңімпаздар анықталады.

Билеттердің қалған бөлігі турнир жақындаған тұста сатылымға шығарылады. Жекелеген құрамалардың ойынына билеттер сол құрама командалардың талаптарына жауап беретін жанкүйерлеріне ғана сатылады.

Ойындар Еуропаның 12 қаласында өтеді. Олар: Амстердам, Баку, Бильбао, Будапешт, Бухарест, Глазго, Дублин, Копенгаген, Лондон, Мюнхен, Рим және Санкт-Петербург.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Статистика,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT