Футболдан 2016 жылғы Олимпиадаға алғашқы жолдаманы Аргентина құрамасы алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентина құрамасы Уругвайда өткен Оңтүстік Американың бозбалалар арасындағы (20 жасқа дейін) чемпионаттың жеңімпазы атанып, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының футбол жарысына бірінші жолдаманы жеңіп алды, деп жазады шетелдік БАҚ.

Олимпиада ойындары алауының эстафетасы Бразилияның 250 қаласында болады. Монтевидеодағы финалдық айналым жарысының соңғы ойынында аргентиналықтар жарыс иелерін 2:1 есебімен жеңіп, 13 ұпай алды.

Бұл жарыста 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына бір жолдама ойналды. 9 ұпай алып, екінші орыннан көрінген Колумбия құрамасы Олимпиада ойындарына лицензияны жеңу үшін Солтүстік және Орталық Америка және Кариб бассейнінің футбол конфедерациясының атынан шығатын командамен бақ сынайды.

Үшінші орынды Уругвай командасы (8 ұпай), төртіншіні орынның иесі Бразилия (7 ұпай) құрамасы. Айта кетейік, бразилиялықтар Олимпиадаға алаң қожайыны құқығын пайдаланып қатысады.

Соңғы жаңалықтар