Футбол: «Жетісу» мен «Тобыл» тең түсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 4-турында «Жетісу» мен «Тобыл» тең түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екінші ойын күнінің алғашқы кездесуінде «Жетісу» мен «Тобыл» шеберлік байқасты.

Қазірге дейін командалар жағдайы түрліше болатын. Алғашқы үш турда бірде-бір мәрте жеңілістің ащы дәмін татпаған «Тобыл» көш басында тұрған еді. Ал, ешқандай ұпайға ие бола алмаған «Жетісу» турнир кестесінде соңғы орынның бірін місе тұтты.

Соған қарамастан, ойын басынан командалар шабуыл шебіне көбірек көңіл бөлді. Нәтижесінде, 8-минутта «Тобыл» сапынан Йован Илич есеп ашып кетті. Оған «Жетісу» қатарынан Руслан Теверов 44-минутта бір голмен жауап қайырды.

Командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Еске салсақ, бұдан бұрын қызылордалық «Қайсар» сырт алаңда ақатулық «Каспийден» басым түсті.

Сондай-ақ, тағы бір ойында «Шахтер» пен «Қайрат» тең нәтижеге қанағат білдірді.

Тағы бір кездесуде «Ақсу» «Мақтаралды» жеңіп кетті.

Енді «Ақтөбе» мен «Қызылжар» (Петропавл), «Атырау» мен «Оқжетпес» (Көкшетау) жасыл алаңға шығады. Аталған турды сағат 19:00-де «Астана» мен «Ордабасы» (Шымкент) командалары түйіндейді.


Соңғы жаңалықтар