Футбол: «Жетісу» «Каспийден» басым түсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 12-турында тағы бір ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ойында Талдықорғанның «Жетісу» командасы өз алаңында Ақтаудың «Каспийін» қабылдады.

Екі команда да турнир кестесінің ортаңғы бөлігінде келеді. Сондықтан бүгінгі ойында екеуі де жеңіске жетуге күш салатыны анық еді.

Бірінші кезеңде «Каспий» сапынан Рубен Бриджидо 34, Георгий Панцулая 37-минутта мергендік танытты.

Оған талдықорғандық клубтан Асхат Балтабеков 45, Йован Стоянович 81, 90-минутта үш голмен жауап берді.

Осылайша «Жетісу» қарсыласын 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Енді елорда уақытымен 20:00-де «Қайсар» мен «Мақтарал» кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Қайрат» «Оқжетпестен» 2:1 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ, «Астана» «Ақсуды», «Тобыл» «Қызылжарды» 1:0 есебімен сүріндірді.

Ал «Ақтөбе» «Шахтерді» 2:0 есебімен сүріндірсе, «Ордабасы» «Атыраудан» 2:1 есебімен басым түсті.


Соңғы жаңалықтар