Футбол: Жеңімпаз атанған жетім балалар Реал Мадрид клубына аттанады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жетім балалар арасында футболдан «Арманға қадам» чемпионатының финалы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

7 жыл бойы өткізілген чемпионатта жеңімпаз атанған 64 жасөспірім әлемнің ең үздік футбол клубтарына барып қайтты.
Жылда дүбірлі додаға 11-15 жас аралығындағы мектеп-интернат немесе балалар үйінің 250 тәрбиеленушісі қатысады.
Қазақстандағы 11 қаладан барлығы 12 команда бақ сынайды.
«7 жыл ішінде олар әлемге әйгілі Милан, Атлетико Мадрид, Челси, ПСЖ, Барселона сынды футбол командаларымен жүздесіп қайтты. Биыл күзде чемпиондар Реал мадрид футбол клубына экскурсия жасайды», - деді ұйымдастырушылар.


Соңғы жаңалықтар