Футбол: Жастар құрамасы сырт алаңда Черногорияны жеңді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Еуропа біріншілігі іріктеу кезеңіндегі алтыншы топта Қазақстан жастар құрамасы сырт алаңда Черногориямен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын біздің жастар бір ойын өткізіп үлгерді. Сырт алаңда Фарер аралдарын 3:1 есебімен тізе бүктірді. Айта кетерлігі, аталмыш топта бүгінге дейін біздің жастар ғана екі ойын өткізген.

Бүгінгі кездесуде қазақстандық бапкер Александр Москаленко алғашқы минуттан Мұхамеджан Сейсен, Сұлтан Сағынаев, Рауан Орынбасар, Геворг Наджарян, Оралхан Өміртаев, Жан Әли Пайруз, Акмаль Бахтияров, Сағадат Тұрсынбай, Нұрәли Әліп, Адам Адахаджиев және Еркебұлан Сейдахметке сенім білдірді.

Бүгінгі кездесуде Черногория құрамасы есеп ашты. Ойынның біздің құрама ойыншысы Сағадат Тұрсынбай өз қақпасына гол соғып алды. Бұдан кейін қос құрама да есепті өзгертуге күш салды. Дегенмен таблодағы есеп 62-минутқа дейін өзгерген жоқ. Бұл сәтте Еркебұлан Сейдахмет гол соқты. Қорытынды есеп 94-минутта белгіленді. Біздің құрама сапынан Рамазан Кәрімов жеңіс добын соқты.

Енді біздің футболшылар келесі ойынын 6 қыркүйекте өз алаңында Испаниямен кездеседі. Одан кейін 10 қыркүйекте Израиль жастарын қабылдайды. Сондай-ақ, 15 қазанда сырт алаңда Македониямен шеберлік байқасады.

Фото: kff.kz

Соңғы жаңалықтар