Футбол: Жапония 2021 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатын өткізуден бас тартты

None
None
ТОКИО. Kyodo News-ҚазАқпарат - Жапон футбол қауымдастығы (JFA) елде коронавирустың таралуынан туындаған шектеулерге байланысты 2021 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатынан бас тарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo News агенттігіне сілтеме жасап.

Жапония ұйымдастыратын клубтар арасындағы әлем чемпионаты 9-19 желтоқсан аралығында өтуі тиіс еді. JFA өзінің 100 жылдық мерейтойы аясында турнир ұйымдастырмақ болған. Бірақ олардың бұл шешімін өзгертуге елдегі COVID-19 жұқтырғандар санының көбеюі және көрермендердің стендке кіруінің белгісіздігі әсер етті.

Олар Халықаралық футбол федерациясына (FIFA) бас тартқаны туралы хабарлады, қазір тараптар бұл мәселені талқылап жатыр. Өйткені FIFA -да турнирді ауыстырудың резервтік нұсқалары жоқ.

Айта кетер болсақ, Жапония клубтар арасындағы әлем чемпионатын сегіз рет қабылдады, турнир соңғы рет бұл елде 2016 жылы өтті.


Соңғы жаңалықтар