Футбол: Зайнутдинов ЦСКА сапында алғашқы голын соқты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бактиер Зайнутдинов мәскеулік ЦСКА сапында алғашқы голын соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәскеулік команда Ресей чемпионатының оныншы турында Екатеринбургте жергілікті «Урал» клубымен алаңға шықты.

Б.Зайнутдинов 52-минутта есеп ашты. Ал 56-минутта қонақтардан Константин Марадишвили мергендік танытты.

Осылайша 49-минутта исландиялық қорғаушы Хердур Магнуссон алаңнан қуылып, бір футболшысы кем болғанына қарамастан, ЦСКА 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Бұл кездесуден кейін 19 ұпай жинаған мәскеулік клуб турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді.

Бұдан бұрын Б.Зайнутдинов ЦСКА құрамында «Краснодар» (1:1), «Ахмат» (3:0), «Спартак» (3:1), «Уфа» (1:0) және «Локомотив» (0:1) командаларымен матчта алаңға шыққан еді.

ЦСКА Еуропа лигасының топтық кезеңінде де өнер көрсетеді. Онда К тобында «Динамо» (Загреб, Хорватия), «Фейеноорд» (Нидерланды), «Вольфсберг» (Австрия) командаларымен сынға түседі. Демек, 22 жастағы Б.Зайнутдиновтің Ресей біріншілігі ғана емес, Еуропа алаңдарында көзге түсе алатындай мүмкіндігі бар.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары белгілі болғанын жазған едік.

Солардың қатарында Б.Зайнутдинов та шақырту алды. Михал Билектің шәкірттері 11 қазанда Алматыда Албаниямен, 15 қазанға қараған түні сырт алаңда Беларусь құрамасымен ойнайды.


Соңғы жаңалықтар