Футбол: Ұлттар Лигасын қазақстандық телеарналар көрсетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 қыркүйекте басталатын УЕФА-ның жаңа турнирі - «Ұлттар Лигасын» қазақстандықтар Qazaqstan мен Qazsport телеарналарынан тамашалай алады. Бұл туралы «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы Ерлан Қарин Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан» корпорациясы «Ұлттар Лигасы» матчтарын трансляциялау құқығына ие болды. 2018 жылдың 6 қыркүйегінен 20 қарашасына дейін Qazaqstan мен Qazsport телеарналары Ұлттық құрамаларға арналған УЕФА-ның жаңа турнирінің қызықты кездесулерін көрсетеді. Ең алдымен, Корпорация D Лигасында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының матчтарын көрсету құқығына ие болды. Сонымен бірге құрамы бойынша ең мықты А Лигасындағы ойындарын көрсету құқығы алынып отыр. Онда Еуропаның ең мықты Ұлттық құрамалары:  Германия, Англия, Испания, Италия, Хорватия, Франция, Нидерланды, Бельгия және өзге елдердің футболшылары өнер көрсетеді», - дейді ол.

Ерлан Қариннің жазуынша, жаңа турнирдің старты дәл осы Астанада басталады. Нақты айтқанда, «Астана-Аренада» 6 қыркүйек күні Қазақстан мен Грузия командалары кездеседі.

«Аталмыш турнир бұрын Еуропа чемпионатына түсіп көрмеген командалар үшін бірегей мүмкіндік болып отыр. Сайыстардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар ЕУРО-2020 іріктеуіне өтеді. Сонымен қатар, дәл осы Астанада УЭФА Конгресінде 2014 жылы «Ұлттар Лигасы» турнирін құру туралы шешім қабылданған болатын. 6 қыркүйек күні сағат кешкі 20:00 кезінде Қазақстан мен Грузия елдері құрамаларының кездесуін Qazsport арнасынан жіберіп алмаңыздар. Сондай-ақ, барлық кездесулерді Qazaqstan TV мобильдік қосымшасы арқылы да көруге болады», - дейді Ерлан Қарин.

Соңғы жаңалықтар