Футбол: Трансферлік кезең 26 маусымда басталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан біріншілігінде трансферлік кезең 26 маусымнан басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы мәлім етті . Трансферлік кезең 26 маусымда басталып, 24 шілдеде аяқталады. Сол күнге дейін Қазақстан кәсіпқой футбол лигасына мүше команда өкілдері өз клубтарындағы өзгерістер жөнінде хабарлауы тиіс. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтында ол жайында жедел ақпараттар жарияланып отырады.

Естеріңізге сала кетелік, биыл футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігі 9 наурыз күні жалауын көтерді. Бүгінгі күнге дейін 15 тур ойналды. Көш басында «Астана», «Тобыл» және «Ордабасы» командалары келеді

Ал 16-тур ойындары 30 маусымда өткізіледі. Бұл күні «Ақтөбе» мен «Ертіс», «Астана» мен «Қайрат», «Жетісу» мен «Тобыл», «Оқжетпес» пен «Атырау», «Ордабасы» мен «Қайсар», «Шахтер» мен «Тараз» командалары кездеседі.

Соңғы жаңалықтар