Футбол: «Тобылға» жаңадан екі ойыншы келді

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанайдың «Тобылы» екі футболшымен келісім-шарт жасасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Гвинея-Бисау ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Тони Силва жаңа маусымда «Тобылдың» намысын қорғайды.

Айта кету керек, Тони Силваның португалдық паспорты да бар. Басқа елде тұрса да, Португалияда жастық шағын өткізді. 2015-2016 жылдары ұлттық чемпионатта өнер көрсетті. «Унио Мадейро» командасы үшін 14 матч өткізіп, үш гол соқты.

«Ол 2009 жылы Англияға қоныс аударды, «Челси», «Ливерпуль» жастар командаларында, сондай-ақ «Барнсли» және «Дагенхэм» құрамында ойнады. 2020 жылға дейін Тони Грекия, Гвинея-Бисау, Болгария, Түркия, Сауд Арабиясы клубтарында өнер көрсетті. Өткен жылы жартылай қорғаушы «Таразбен» келісімшартқа қол қойды. Дебюттік маусымында жамбылдықтар сапында 17 матчта 4 гол соқты. Халықаралық деңгейде Силва Португалияның жасөспірімдер құрамасында өнер көрсетті, бірақ кейін Гвинея-Бисау құрамасын таңдады. Ұлттық құрамадағы 11 ойында ол екі гол соқты», делінген клуб ақпаратында.

«Тобыл» Грузия құрамасының шабуылшысы Элгуджа Лобжанидземен толықты. Элгуджа – «ВИТ-Джорджия» (Грузия) клубының түлегі. Сонымен қатар, ол өз отанында «Шукуру», «Динамо», «Рустави» құрамында, 2017 жылы Ресейде «Оренбург» сапында өнер көрсетті.

2019 жылдың ақпан айында ойыншы «Таразға» ауысты. Өткен маусымда 28 жастағы ойыншы «Қайсар» жейдесінде 13 матчта 8 гол соқты. Ұлттық құрамада 2017 жылы дебют жасап, 11 матч өткізді.


Соңғы жаңалықтар