Футбол: «Тобылға» жаңа бапкер келді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдың «Тобылы» жаңа бапкермен толықты. Бұған дейін «Тобыл Ж» командасының тізгінін ұстаған Олег Лотов бас бапкер Марек Зубтың көмекшісі ретінде таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олег Лотов бапкер мансабында көп жылдар бойы «Тобылдың» жастар құрамасын жаттықтырды. Сондай-ақ, бірнеше жыл бас бапкердің міндетін атқарушы жұмысын да еңсерді. Бүгін қазақстандық маман футболшылар мен клуб ұжымына таныстырылды.

«Біз бас бапкердің көмекшісін іздеуді тоқтаттық. Олег Лотовтың кандидатурасы бас бапкер Марек Зубпен келісілді. Бір жағынан Олег Лотов Марек Зуб сияқты жоғары дәрежедегі маманнан көп нәрсені үйренеді», - деді клубтың директоры Николай Панин.

Өз кезегінде Олег Лотов клуб басшылығы мен бас бапкерге алғысын білдірді.

«Бұл мен үшін айтарлықтай тәжірибе болмақ. Командаға биылғы жылы қойылған тапсырманы орындауға тырысамыз. Марек Зуб сияқты маманмен бірге жұмыс істеуге ризамын», -деді Олег Лотов.

Еске салайық, Олег Лотов "А" дәрежелі бапкерлік лицензиясының иесі. 2010 жылы «Тобыл» сапында Қазақстан чемпионы атанды.

Соңғы жаңалықтар