Футбол: «Тобылдың» Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аяқталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанайдың «Тобылы» Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тобыл» жаттығу жиындары барысында Беларусь елінің «Динамо» командасымен кездесті. Бірінші тайм аяқталар сәтте «Динамо» футболшысы есеп ашты. Екінші таймда қостанайлық Роман Мұртазаевтың бағыттаған екі соққысы қақпа бағанасынан кері қайтты. 0:1 есебі матч аяғына дейін сақталды.

Осылайша, «Тобыл» Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарын аяқтады. Бұған дейін «Сараево», «Ислочь», «Младост» сынды командалармен кездескен Григорий Бабаян шәкірттері енді елге оралады.


Соңғы жаңалықтар