Футбол: «Тобыл» жаңа бас бапкерін таныстырды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - «Тобыл» футбол клубына ресейлік маман Владимир Газзаев бас бапкер болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты «Тобыл» футбол клубының баспасөз хатшысы Константин Должанский растады.

Владимир Газзаев Қазақстанға бас бапкер қызметіне екінші рет келіп отыр. Ол 2014 жылы «Ақтөбемен» бір жарым жылдық келісімшартқа қол қойған. Жалпы, футболшы ретінде 1997-98 жылдары «Алания» командасында ойнаған. Кейін 11 жыл бойы «Алания» бапкеріне көмекші болды. 

2018 жылға дейін «Локомотив» (Мәскеу) клубында қызмет етті.

Газзаев Түркиядағы жиында «Тобыл» сапына қосылады.  

Соңғы жаңалықтар