Футбол: «Тобыл» Түркияда тең ойнады

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат - Қостанайдың «Тобылы» алғашқы оқу-жаттығу жиынында тең ойнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанайлықтар осы жылдағы бірінші матчын Венгрияның «Акивтал» командасымен өткізді. Кездесудің басынан-ақ «Тобыл» футболшылары ойын басымдығын өздерінде ұстады. Алдымен, шабуылшы Бауыржан Тұрысбек гол соғатын екі бірдей мүмкіндікті пайдалана алмады.Оның қателігін команда капитаны Азат Нұрғалиев түзетті. Джаба Канкаваның пасынан соң Азат қорғаушыдан сытылып шығып, допты қақпашының үстінен асыра тастады. 1:0. Бірінші таймда осы есеп сақталды.

Екінші таймда қос команда ойынға өзгерістер енгізді. «Тобыл» бапкері Валерий Газзаев жас футболшыларға сенім артты. Соның нәтижесінде, венгриялықтар таразы басын теңестіріп кетті. Кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Енді «Тобыл» Әзербайжанның «Сабах» клубымен ойнайды. Матч 16 қаңтарға белгіленген.

Бұған дейін «Тобыл» футбол клубына ресейлік маман Владимир Газзаев бас бапкер болып тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар