Футбол: «Тобыл» ойыншысы Франция чемпионатына ауысты

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – Қостанайдың «Тобылы» мен Грузия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Джаба Канкава Франция чемпионатына ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақпаратты агенттік тілшісіне ойыншының өзі растады. Джаба Францияның екінші лигасында өнер көрсететін «Валансьен» клубына ауысты. Қазіргі уақытта команда біріншіліктің оныншы орынында.
Канкава қостанайлық «Тобыл» сапына 2017 жылдың соңында қосылды. Ол «Тобылдан» бөлек, Грузияның «Динамосында», ресейлік «Алания» және Украинаның «Арсенал», «Днепр», «Кривбасс» командалары сапында ойнаған. Кейін Францияның «Ренн» клубында доп тепті.
Джаба Канкава футболсүйер қауымға өзінің ерлігімен де белгілі. 2014 жылы Украина біріншілігінде қатты соққыдан есінен айырылып, тілін жұтып қойған киевтік «Динамо» капитаны Олег Гусевтің жанын аман алып қалған еді. Бұл батылдығы үшін Джаба Украинаның Мемлекеттік Төтенше жағдайлар қызметінің құрмет грамотасына ие болған.
- «Boxam» турнирі: Қазақстандық боксшы финалға өтті
- Қостанай облысының су тасқыны кезеңіне дайындығын ТЖД қызметкерлері тексерді
- Дзюдо: Елдос Сметов Ташкентте Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды
- Футболдан Қазақстан суперкубогы: «Қайрат» үшінші орын иегері атанды
-
Қостанайда карантин шаралары туралы жаңа қаулы: Сотталғандарды ПТР-дан өткізу қамтамасыз етіледі
-
Хоккей: «Барыс Аренаға» жанкүйерлер қайта кіретін болды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам