Футбол: «Тобыл» «Оқжетпестен» басым түсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінде 11-турында «Тобыл» «Оқжетпестен» басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турдың екінші ойын күнінде Қостанайдың «Тобылы» елордада көкшетаулық «Оқжетпеспен» кездесті.

Кездесуде көшетаулық команда алғашқы болып есеп ашты. Ойынның 7-минутында Максим Драченко «Тобыл» қақпасынан саңылау тапты. Оған 17-минутта қостанайлық клубтан Серікжан Мужиков бір голмен жауап қайырды.

Екінші кезеңнің 72-минутында «Тобыл» шабуылшысы Серж Дебле өз командасын алға шығарды.

Осылайша қостанайлық клуб қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

Айта кетсек, 27 мамырда «Мақтарал» «Қайратты» 3:1 есебімен жеңіп кетті.

Сондай-ақ, «Каспий» мен «Шахтер» кездесуінде 1:1 есебімен тең түссе, «Ақсу» өз алаңында «Жетісуды» 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Енді бүгін, 28 мамырда «Қызылжар» (Петропавл) мен «Ордабасы» (Шымкент), «Атырау» мен «Астана», «Қайсар» (Қызылорда) мен «Ақтөбе» жасыл алаңға шығады.


Соңғы жаңалықтар