Футбол: «Тобыл» қақпашысы рекорд жаңартты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайлық «Тобылдың» қақпашысы Эмиль Балаев өз қақпасына 699 минут бойы гол жібермеген. Бұл 2019 жылғы футбол маусымының жаңа рекорды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әзербайжан құрамасының қақпашысы соңғы рет осы жылдың 28 шілдесі күні «Қайсар» шабуылшысы Куле Мбомбодан гол жіберді.

«Эмиль Балаев осы маусымдағы өзінің рекордын қайта жаңартты. Бұған дейін оның көрсеткіші 683 минут болған. Егер ол алдағы матчта 14 минут қақпасын «аман» ұстаса, ел біріншілігі тарихындағы үздік 5 қақпашының қатарына енеді», - деді клубтың баспасөз қызметіндегілер.

Балаевтан кейінгі сатыда «Жетісу» ойыншысы Алмат Бекбаев тұр. Ол 172 минут бойы қақпасына гол дарытпады. Үздік үштікті «Тобылдың» тағы бір қақпашысы Жасур Нәрзіқұлов түйіндеп тұр.

Жалпы, қазақ футболының тарихында ең жоғарғы нәтиже «Қайрат» футболшысы Сергей Бойченкоға тиесілі. Ол 2005-2006 жылдары қақпасына 921 минут бойы доп енгізбеген.

Соңғы жаңалықтар