Футбол: «Тобыл» бапкері рекорд орнатты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдың «Тобылын» баптайтын ресейлік маман Қазақстан чемпионатындағы рекордты орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Өткен турда Қостанайдың «Тобылы» көкшелік«Оқжетпесті» ұтып, маусымда басталғалы бесінші жеңісін тойлады. Осылайша, Владимир Газзаев шәкірттері Қазақстан чемпионаты тарихындағы жеке рекордын орнатты. Бұған дейін 2006 жылы Дмитрий Огай баптаған команда маусым басындағы төрт ойында ұпай жоғалтпаған-тын. Еске алсақ, Д.Огай шәкірттері 2006 жылғы 8 сәуір күні Павлодарда «Энергетик» клубынан 1:2 есебімен басым түссе, бір аптадан соң «Таразға» қонаққа барып, 2:3 есебімен ұтты. Мұнан соң қостанайлықтар өз алаңыда «Шахтер» мен «Атырауды» тізек бүктірді. Тағы бір айта кетерлігі, 2006 жылғы маусым басында «Тобыл» 12 матч бойы ұтылмады.


В.Газзаев шәкірттерінің бұл көрсеткішті жақсартуға мүмкіндігі жетеді. Ендігі ойын 20-сәуірде «Жетісуға» қарсы өтеді.

Соңғы жаңалықтар