Футбол: «Тобыл» атақты ресейлік клубты жеңді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдың «Тобылы» жолдастық кездесуде ресейлік «Рубин» командасын жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ойын Түркияның Белек қаласында өтті. Командалар бірінші минуттан ашық футбол көрсетті. Айта кетейік, қостанайлықтардың бас бапкері Владимир Газзаев алаңға бірнеше жас ойыншыларды шығарды. Бірінші таймның ортасында Максим Федин кездесудегі жалғыз голды соқты. Ол сол қапталдан Руслан Валиуллиннің берген пасын керегіне жаратты.

Осылайша, «Тобыл» соңғы жылдардағы Ресейдің мықты командаларының бірін жеңе білді. «Рубин» командасы 2008 жылы өз тарихында тұңғыш рет Ресей чемпионы атағын жеңіп алды. Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетіп, сырт алаңда әйгілі «Барселонаны» тізе бүктірген еді. Команданы Құрбан Бердыев жаттықтырады.

Қостанайлықтар «Рубинге» қарсы мына құраммен шықты:

Балаев, Клещенко, Канкава, Дмитренко, Мирошниченко, Жулпа, Квеквескири, Валиуллин, Бочаров, Гордейчук, Федин.

Соңғы жаңалықтар