Футбол: «Тобыл» атақты «Динамоны» ұтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанайдың «Тобыл» командасы Украинаның «Динамосын» жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін қостанайлықтар Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аясында Украинаның 15 дүркін чемпионы «Динамо» командасымен кездесті. Бірінші таймда Киев футболшылары 2:0 есебімен жеңді.

Ойынның екінші бөлігінде Григорий Бабаян алаңға бірнеше тың футболшыны шығарды. Алдымен команда капитаны Азат Нұрғалиев пенальтиден есеп айырмасын қысқартса, Серікжан Мұжықов таразы басын теңестірді.

Мұнан соң Роман Мұртазаев пен Петрос Аветисян бір-бірден гол соқты. Есеп – 4:2! «Тобыл» жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұл – қостанайлық клубтың 2020 жылдағы бірінші жеңісі.


Соңғы жаңалықтар