Футбол: «Тараз» алдағы жылы бірінші лигада ойнайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тараз» футбол клубы алдағы жылы бірінші лигада ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, клуб базасында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы мен команда ойыншылары, клуб өкілдерінің кездесуі өткен.

«Басқарма басшысы облыстық әкімдік тарапынан жағдай жасалса да, клуб соңғы уақытта бірқатар қаржылық қиындықты бастан өткізгенін тілге тиек етті. Команданың ойыншылар алдында қарызы бар. Сондықтан Қазақстан Футбол федерациясы клубқа жаңа ойыншылар алуға тыйым салды. Премьер-лиганың келесі маусымына қатысу бойынша лецензиялауда мәселелер туындады. Мұндай жағдайда команданың еліміздің жоғары біріншілігінде ойнауы мүмкін емес. Осыған байланысты федерация «Тараз» футбол клубын Бірінші лигаға жіберу туралы шешім қабылдады», - деп жазылған хабарламада.

Команда жоғары лигаға қайта оралуға күш салады. Жақын арада қарыздар өтеліп, қаржылық жағдайды түзеуге мән беріледі. Клубтың ұлттық құрама мен негізгі командаға жас футболшыларды тәрбиелеу ісін жалғастырады. Сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдер футболын одан әрі дамыту тұжырымдамасы сақталады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Қайсар» командасына жаңа бас бапкер тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар