ФУТБОЛ: Шымкенттік «Ордабасы» Еуропа лигасынан шығып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы өз алаңында Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңінің қарымта кездесуінде Сербияның «Чукарички» командасымен тең түсті, есеп - 3:3.

Бірінші матчта сырт алаңда оңтүстікқазақстандықтар 0:3 есебімен ұтылған болатын. Осылайша «Ордабасы» Қазақстан клубтарының ішінде бірінші болып биылғы еурокубок маусымын аяқтады.

«Ордабасы» (Шымкент, Қазақстан) - «Чукарички» (Белград, Сербия) 3:3 (0:3)
Алғашқы матч: 0:3
Голдар: Мандич 10 (0:1), Мандич 14 (0:2), Каевич 21 (0:3), Гейнрих 45 (1:3), Тұңғышбаев 67 (2:3), Ерланов 90 (3:3).
Ескертулер: Төлебек 23, Гейнрих 60 - Живкович 45+1, Каевич 54
«Ордабасы»: Бойченко, Чатто, Қайқыбасов (Касалица 45), Трайкович, Төлебек, Тұңғышбаев (Бейсенов 78), Диакате (Гогуа 45), Ерланов, Гейнрих, Адырбеков, Симчевич
«Чукарички»: Стеванович, Пиасентин, Срнич (Машович 75), Мандич (Матич 59), Фофана (Йованович 78), Каевич, Янкович, Джурич, Живкович, Лагатор, Кнежевич
Бас төреші: Денис Щербаков (Беларусь)
7 шілде, Шымкент, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион. 

Соңғы жаңалықтар