Футбол: «Шахтер» төртінші орын алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінде соңғы турдың үш ойыны өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі турда төртінші орын тағдыры шешілді. Оған «Шахтер» және «Ордабасы» командалары таласты. Екеуі де соңғы турға дейін аталған орыннан үміткер болды.

«Шахтер» Қостанайдың «Тобылымен» ойында соңғы минуттаррға дейін гол соға алған жоқ. Ал 88-минутта қостанайлық клуб қақпасына белгіленген пенальтиді «Шахтер» ойыншысы Арсен Хубулов мүлт жіберген жоқ. Қарағандылық клуб қарсыласын 1:0 есебімен жеңді.

«Ордабасы» командасы соңғы турда Көкшетаудың «Оқжетпесінен» 2:1 есебімен басым түсті. Бұл ойында шымкенттік Сергей Хижниченко 4-минутта есеп ашты. Оған «Оқжетпес» сапынан Тарас Бондаренко 39-минутта бір голмен жауап қайырды. Ал 56-минутта шымкенттік футболшы Зики Бадибанга қайтадан өз командасын алға шығарды. Ал соңғы минутта «Ордабасы» шабуылшысы Жоао Паоло қорытынды есепті белгіледі. Осылайша «Ордабасы» қарсыласын 3:1 есебімен тізе бүктірді.

Турнир кестесінде «Шахтер» 32, «Ордабасы» 31 ұпай жинады. Төртінші орын «Шахтерге» бұйырып, олар алдағы жылы еурокубокта бақ сынауға мүмкіндік алды. «Ордабасы» бесінші орынды місе тұтты.

Бүгін елордалық «Астана» 45-минутта Иван Маевский соққан голдан кейін Петропавлдың «Қызылжарын» 1:0 есебімен басым түсті.

Естеріңізге сала кетелік, бүгін тағы екі ойында «Жетісу» мен «Каспий», «Тараз» бен «Қайрат» командалары шеберлік байқасады. Ойын елорда уақытымен 18.00-де басталады.


Соңғы жаңалықтар