+7 (701) 759 90 19
USD 417.02 EUR 505.51
RUB 5.59 CNY 64.52
Jańalyqtar

Футбол: «Шахтер» командасына бас бапкер тағайындалды

2021 жылғы 19 қаңтар 20:40
Бөлісіңіз:
Футбол: «Шахтер» командасына бас бапкер тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық футбол маманы Әли Әлиев Қарағандының «Шахтер» командасына бас бапкер болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда футболдан суперкубок ойындары көрерменсіз өтеді Футбол: Еуропа лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды Футболдан ел біріншілігінің күнтізбесі жарияланды

Мәлім болғандай, ол жаңа қызметінде клубтың алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізген.

Әли Әлиев 1980 жылдың 27 қазанында Алматы қаласында дүниеге келген.

Футболдағы алғашқы қадамын 1998 жылы Алматының ЦСКА-«Қайрат» командасында бастап, одан кейін «Қайрат», Павлодардың «Ертіс», Қостанайдың «Тобыл», Өскеменнің «Восток», Шымкенттің «Ордабасы», Петропавлдың «Қызылжар» клубтарында доп тепкен.

2014 жылы «Ордабасыда» ойнай жүріп бапкерлік қызметін бастады.

2018 жылы «Қызылжарда» да дәл осылай қызмет атқарып, арада бір жыл өткенде мансабын аяқтағаннан кейін бас бапкер қызметін қолға алды.

Команданы бірінші лигадан Премьер-лигаға алып шықты.

Естеріңізге сала кетелік, «Шахтер» командасын бұған дейін Константин Горовенко жаттықтырған болатын.

Сондай-ақ, жуырда «Жетісу» клубының бас бапкері тағайындалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT