Футбол: «Ордабасы» сырт алаңда «Қызылжардан» басым түсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінде 11-турында «Қызылжар» мен «Ордабасы» командалары кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Турнир кестесінде командалар қатарлас келеді. «Ордабасы» екінші орында тұрса, «Қызылжар» үшінші орында тұр. Сондықтан бүгінгі кездесуде тартысты ойын өрбитіні белгілі еді.

Алғашқы минуттан командалар шабуылға көбірек көңіл бөлді. Әсіресе, петропалдық футболшылар тарапынан белсенділік байқалып тұрды.

«Ордабасы» ойыншысы Бернардо Матич 93-минутта кездесу тағдырын шешкен голды соқты.

Осылайша шымкенттік клуб қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Айта кетсек, 27 мамырда «Мақтарал» «Қайратты» 3:1 есебімен жеңіп кетті.

https://kaz.inform.kz/news/kayrat-maktaaraldan-zhenilip-kaldy_a4072210

Сондай-ақ, «Каспий» мен «Шахтер» кездесуінде 1:1 есебімен тең түссе, «Ақсу» өз алаңында «Жетісуды» 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Ал «Тобыл» сырт алаңда «Оқжетпесті» 2:1 есебімен сүріндірді.

Енді бүгін, 28 мамырда «Атырау» мен «Астана», «Қайсар» (Қызылорда) мен «Ақтөбе» жасыл алаңға шығады.


Соңғы жаңалықтар