Футбол: Оралдың «Ақжайығына» жаңа шабуылшы келді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралдың «Ақжайығына» ивуарлық шабуылшы Идрисса Куяте келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Идрисса Оралаға келгенге дейін Ливан чемпионы Бейруттың «Аль-Ахед» командасында доп тепкен.

Өз отанында «Мимозас» клубының академиясында футбол әліппесін үйренген Куяте бастапқыда Абиджанның «Африка Спортс» кәсіпқой командасына алынған. Еуропа клубтары ішінде әуелі Бельгияның «Гент» командасында өнер көрсеткен. 2013 жылы Куяте «Сфаксен» командасы құрамында Тунистің чемпионы атанып, Африканың екінші дәрежелі клубтық турнирі болып есептелетін Конфедерация кубогын жеңіп алды.

Кот-д'Ивуар шабуылшысы сондай-ақ, «Динамо» (Брест) құрамында Беларусь елінің біріншілігінде де ойнаған.

Бүгін Куяте «Ақжайық» командасымен бірге алғашқы жаттығуын өткізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін премьер-лига сұрмергендерінің бірі, украиналық шабуылшы Адеринсола Эсеоланың «Ақжайықтан» «Қайратқа» ауысып кеткенін жазған болатынбыз.

Қазіргі кезде 17 ұпаймен ел біріншілігінің турнир кестесінде жетінші орында келе жатқан оралдықтар 1 шілде күні өз алаңында чемпионат көшбасшыларының бірі - Қостанайдың «Тобылын» қабылдайды.

 

Соңғы жаңалықтар