Футбол: Оралдың «Ақжайығы» оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Түркияға аттанды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Футболдан ел чемпионатының бірінші лигасында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» жаңа маусымға дайындықты пысықтау мақсатында Түркияға аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, команда Анталияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп, құрамын нақтылайтын болады.

Премьер-лигаға қайта оралуды мақсат етіп отырған клуб жиын барысында бірнеше шетелдік командамен жолдастық кездесу өткізіп, қаралымға келген ойыншыларды тексеріп көрмек.

«Ақжайық» Түркияға мынадай құрамда аттанды: қақпашылар: Александр Удалов, Сергей Ткачук, қорғаушылар: Бауыржан Омаров, Максим Литвинов, Арман Мұрат, Евгений Рафиков, Владимир Покатилов, жартылай қорғаушылар: Руслан Қайыров, Магоммед Оджиев, Шыңғыс Сапарбекұлы, Әділет Болатов, шабуылшылар: Алексей Мальцев, Ержан Ибрагимов, Даниил Кочнев.

Соның ішінде өткен жылғы маусымда команда құрамында болған қақпашы Сергей Ткачук келісімшарт мерзімін ұзартты. Ойыншы мансабын Киевтің «Динамо» клубында бастаған С.Ткачук кейін қазақстандық «Шахтер», «Қайрат», «Каспий» командаларында өнер көрсеткен. Қазақстан жастар құрамасы сапында 11 ойын өткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайық» футбол клубына жаңа директор тағайындалғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар