Футбол: Оңтүстік Корея Португалияны жеңе ала ма

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында бүгін H тобында үшінші тур ойындары өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл топта Португалия екі ойында жеңіске жетіп, жарыстың 1/8 финалына шығып қойды. Қалғаны екінші жолдама үшін таласады.

Аталған топтағы ойындар елорда уақытымен 21:00-де өткізіледі.

Оңтүстік Корея мен Португалия құрамаларының ойыны «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ойын Эр-Райян қаласындағы 44667 жанкүйерге арналған «Эдьюкейшн Сити» стадионында болады. Бас төреші - Факундо аргентикалық Тельо Исмаил.

FIFA рейтингінде Оңтүстік Корея - 20, Португалия 9-орында тұр.

Екі құрама бұған дейін екі мәрте кездесті. Екеуінде де корейлік футболшылар жеңіске жетті. 2002 жылғы әлем чемпионатында Оңтүстік Корея аталған қарсыласынан 1:0 есебімен басым түскен еді.

Аталған топтағы Гана мен Уругвай кездесуі жанкүйерлер «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауына болады.

Ойын ел астанасы Эль-Вахра қаласындағы қаласындағы 44089 жанкүйерге арналған «Эль-Джануб» стадионында өткізіледі. Бас төреші - германиялық Даниэль Зиберт.

FIFA рейтингінде Гана - 61, Уругвай 14-орында тұр.

Екі құрама бұған дейін екі мәрте кездесті. Біреуінде уругвайлықтар жеңіске жетсе, біреуінде тең нәтиже тіркелді.

Сондай-ақ, бүгін, 2 желтоқсанда елорда уақытымен 1:00-де G тобында Сербия мен Швейцария, Камерун мен Бразилия құрамалары кездеседі.

Қазірге дейін плей-офф сатысына шыққан 14 құрама белгілі болды. Олардың қатарында Бразилия мен Португалия құрамалары бар. Қалған екі жолдама иесі бүгін анықталады.


Фото: GETTY IMAGES

Соңғы жаңалықтар