Футбол: Оңтүстік Корея-Бразилия құрамалары 26-мәрте кездеседі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында бүгін 1/8 финалының үшінші ойын күнінде Бразилия мен Оңтүстік Корея құрамалары кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу елорда уақытымен 6 желтоқсанға қараған түні сағат 1.00-де басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ойын ел астанасы - Доха қаласындағы «Стэдиум 974» стадионында өткізіледі.

Бас төреші - франциялық Клеман Тюрпен. Оған отандастары Николя Дано мен Сириль Гренгор көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші словениялық Славко Винчич.

FIFA рейтингінде Оңтүстік Корея - 28, Бразилия 1-орында тұр.

Екі құрама өзінің тарихында 25 мәрте кездесті. Екеуінде Оңтүстік Кореея жеңіске жетсе, сегізінде тең нәтижесінде тіркеліп, қалғанында бразилиялықтар басым болды.

Топтық кезеңде Бразилия G тобында ойын көрсетті. Cербияны 2:0, Швейцарияны 1:0 есебімен жеңіп, Камерунға 0:1 есебімен жол берді.

Ал, H тобында сынға түскен Оңтүстік Корея құрамасы Уругваймен 0:0 есебімен тең түсіп, Ганаға 2:3 есебімен жеңілсе, Португалиядан 2:1 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ 5 желтоқсанда елорда уақытымен 21.00-де Жапония мен Хорватия кездесуі «Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналарынан көрсетіледі.

Еске салсақ, қазірге дейін ширек финада Аргентина мен Нидерланд, Англия мен Франция құрамалары кездеседі.


Фото: fifa.com


Соңғы жаңалықтар